«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Тоқаев ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшыларының ұсталуына қатысты шұғыл жиын өткізеді

13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған шұғыл отырысы өтеді.

Жиында Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша мемлекеттің ұстанымын білдіреді. Аталған компаниялардың жетекшілері сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

Президент отырыс барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың қызметінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аудармақ.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті және өзге де тұлғаларды ұстағанын хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев 12 жылға сотталды

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаевтың Вашингтондағы сапары: Трамппен маңызды келіссөз күтілуде

«Аз уақыт қалды». Бектенов су тасқынына дайындалу керегін айтты