«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Алматы әуежайындағы қызметкерді кепілге алған ер адамның соты басталды: Күдікті кінәсін толығымен мойындады

Алматы әуежайында қызды кепілге алған 67 жастағы Машрапбек Баратовтың соты басталды.

Түрксіб аудандық сотында 7 наурыз күні Алматы әуежайында 23 жастағы күзетші Ботагөз Мұхтарованы кепілге алған ер адамның ісі бойынша сот басталды.

Машрапбек Баратов Қылмыстық кодекстің 261-бабы «Кепілге алу», 293-бабы «Қару қолдана отырып бұзақылық» және 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» деген үш бабы бойынша сотталып жатыр.

Машрапбек Баратов өз кінәсін мойындады. Айыптау қорытындысынан ер адамның Алматыдан билетсіз ұшпақ болғаны белгілі болды.

«Таңертең ерте үйден шықтым, бір жерден жұмыс тауып қалам ба деп ойладым. Түнгі клубта күзетші болып жұмыс істеп жүргеніме үш ай болды — жалақыны бермей жүр. 8 наурызға бір нәрсе алғым келді, ең болмаса, бір торт сыйлағым келген. Алғашқы кездескен 106-автобусқа отырдым. Үй жаққа, «Элеватор» аялдамасына дейін барамын деп ойладым. Автобуста отырып, телефоннан OLX арқылы хабарландырулар қарап отырдым — жұмысшы керек деген жерлерді іздедім. Кезекшіліктен кейін екі күнім бос болатын.

Өз аялдамамнан өтіп кетіппін, «Аэропорт» деген аялдама аталды, сол жерде түсіп қалдым. Біраз жүріп қайттым”, – деді айыпталушы.

Сөзінше, отбасылық, қаржылық проблемалар оны қинап жіберген.

“Әуежайдың ішіне кірдім. Біраз жүріп жүріп, бір рейске отырғызу жүріп жатқанын естідім. Астанаға ма әлде басқа қалаға ма, білмеймін. Біртүрлі ой келді, «өтіп көремін» деп ойладым. Қалтамда бар-жоғы жеті мың теңге. Қарасам — адамдар тіркеуден өтіп жатыр, мен де солармен бірге жүре бердім. Бірінші пункттен өттім, бір қыз тоқтатты, құжаттарымды сұрады. Мен оған «Қызым, қазір екі минуттан кейін қайта келемін» дедім. Қалай болғанын өзім де түсінбеймін, қыздың шашынан ұстап алдым. Бәрі кенеттен болды, шу, айқай басталды…”, – деді ер адам.

Баратов қызды пышақтау ойында болмағанын айтады.

“Полицейлерді көріп, қазір атып тастайды деп ойладым. Рюкзакта ас үй пышағы бар еді, бір жарым жылдан бері жұмысқа алып барып жүрмін. Өткір емес, дүкеннен алынған қарапайым пышақ. Мен онымен қорқытқан жоқпын, тамағына тақамадым, жай жанында ұстап тұрып «Айқайлама, қазір жіберемін» дедім. Бірақ ол одан бетер қатты айқайлады”, – деді Баратов.

Ұқсас жаңалықтар

Сұмдықты жарияламасқа амал жоқ!: Ерлан Төлеутай «Қазақфильмнің» былығын жайып салды

Redaktor Shyn-Ar

Рамазан-2025: пітір садақа мөлшері белгілі болды

Redaktor Shyn-Ar

Алматы облысында төрт баланы өз үйінде азаптаған педофилге үкім шықты

Пікір жазу