«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Айбек Сыдықов Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласының тарихы музейінде» экскурсовод болып бастаған.

2007–2015 жылдары аталған музейде ғылыми қызметкер, директордың орынбасары және директор қызметтерін атқарған.

2015–2016 жылдары «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры болған.

2016–2022 жылдары «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейінде музей бөлімінің басшысы, кейін директордың орынбасары қызметін атқарған.

2022–2025 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары болған.

Ал 2025 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің ондығына енді

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстандағы екінші АЭС құрылысын Қытайлық компания салады

Астанадағы ақылы автотұрақтар: әкімдік компаниямен келісімшартты бұзады