«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов желіде жазды.

«Бүгін Жақсылық Омарды өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым. Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Оған өңірдің барлық мәселесі мен тұрғынының мұң-мұқтажы жақсы таныс. Оның жаңа әрі жауапты қызметке білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Әкімдіктің 54 қызметкері құмар ойынға әуестенгені белгілі болды

Басына екі оқ тиген сарбаз: Қайсар Сұлтанов ісінде әділдік бар ма?