«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғамСот

Өлім жазасына кесілген қазақстандық ұзақ жылдардан кейін бостандыққа шығады

қылмыскер бостандыққа шықты

Ақмола облысында адам өлтіріп, кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін өлім жазасына кесілген сотталған азамат бостандыққа шықпақ. Ол түрмеде 24 жылын өтеген. Алғашында ату жазасына кесілгенімен, кейін бұл жаза Жоғарғы соттың шешімімен 25 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылған.

Ер адам 2001 жылы әскери бөлімнен берілген 10 күндік демалыс кезінде досымен бірге аса ауыр қылмыстар жасаған. Мас күйінде жүрген ол демалыс біткен соң әскери бөлімге оралмай, зорлық пен кісі өлтіру қылмысына барған. Психиатриялық сараптама оны ақыл-есі дұрыс деп таныған.

Сотталған азаматпен туыстары 24 жыл бойы байланысқа шықпаған. Осы уақыт ішінде ол жақындарынан бірде-бір хат немесе қоңырау алмаған. ҚАЖ қызметкерлерінің айтуынша, бостандыққа шығу уақыты жақындаған сайын оның мінез-құлқында өзгерістер байқалып, өзі қазіргі қоғамда қалай өмір сүруді білмейтінін айтқан. Себебі ол 2001 жылдан бері абақтыда, ал бостандықта оны ешкім күтпейді.

ҚАЖ қызметкерлері оны бостандыққа бейімдеу жұмыстары басталғанын айтты. Әлеуметтік бейімдеу орталықтары оны қабылдауға дайын екенін растаған. Құжаттары толық болса, орталықта бір жылға дейін тұруға мүмкіндігі бар.

Жауапты мамандардың айтуынша, олардың мақсаты тек жазаны орындату емес, сондай-ақ бостандыққа шыққан адамның қоғамда қайта аяққа тұруына жағдай жасау.

Ұқсас жаңалықтар

Атыраудағы төрт адам өлімі: күдіктіге тағы бір бап қосылды

NASA басшысы Қазақстанға келуді жоспарлап отыр

«Экс-президенттің отбасы мүшелері билікке қайта оралады» деген норма жоқ – депутат жаңа Конституция туралы

Redaktor Shyn-Ar