«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметСпорт

Әлем чемпионы Айсара Керімбекова 20 жылдан бері аула сыпырып жүр

Әлем чемпионы Айсара Керімбекова 20 жылдан бері аула сыпырып жүр

Самбодан әлем чемпионы, даңқты спортшы Айсара Керімбекова бүгінде ауыр тұрмыстық жағдайда өмір сүріп жатыр. Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Айсара Керімбекова — 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан спорт шебері, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Сонымен қатар, қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы Әлем кубогының иегері атанған. 1992 жылы елдің ең үздік 10 спортшысы қатарына енген.

Алайда, 80–90-жылдары атағы дүркіреп тұрған спортшы бүгінде аула сыпырушы болып еңбек етуде. Оның айтуынша, бұл жұмысты атқарып жүргеніне 20 жылдан асқан.

«Осылай жүргеніме 20 жылдай болды. Осы жұмысты істеп жүрмін. Маған бірдеңе бере қойсын деп те айта алмаймын. Заманбек Нұрқаділов ағама рахмет, жатқан жері жайлы болсын!» – дейді Айсара Керімбекова сұхбат барысында.

Белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай әлеуметтік желідегі парақшасында аңыз спортшының қазіргі ауыр жағдайын көрсетіп, Мәдениет және спорт министріне үндеу жасады.

«Айсара апамыз – қазақ спортының тарихындағы шоқтығы биік тұлғалардың бірі. Осындай адамдар елеусіз қалмауы керек. Министрлік тарапынан назар аударылса екен», – деп жазды ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда жарты жылда пойыз билеттері екі рет қымбаттады

shyn_ar_admin

Instagram, Facebook-те «декретке миллионмен» шығару жолын үйреткендер жазаланады

Redaktor Shyn-Ar

«Миллион айыппұлмен қорқытты»: Денсаулығында кінәрат бар сарбаз әскерде қаза тапты

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу