«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды
көрнекі сурет

Бұған дейін 2 мамырда Алмарасан шатқалында тас құлап, салдарынан қыз мерт болған болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы мәліметінше, қайғылы жағдай 4 мамырда Горельник сарқырамасы маңында болған. Бұл оқиғаның екі күн бұрынғы тас құлаған оқиғаға байланысы жоқ. Ресми мәліметке сәйкес, ол кезде ешкім зардап шекпеген.

«4 мамырда теңіз деңгейінен 2,5 мың метр биіктікте Горельник шатқалының сарқырама маңында құтқарушылар, медицина қызметкерлері және кинологтармен бірлесіп қыздың денесін тапты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Қыздың нақты неден қаза тапқаны әзірге белгісіз. Әлеуметтік желілерде оқиғаның куәгерлері қыздың үстіне үлкен тас құлаған болуы мүмкін екенін жазып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Назарбаевтар зиратында тағы бір қабір пайда болды

Redaktor Shyn-Ar

СІМ өкілі Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жағдайға пікір білдірді

Ақтөбе облысында әйел кәмелетке толмаған екі баласын өлтірді деген күдікке ілінді

Пікір жазу