«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТіл

Алматыда «Қазақ тілді қызметші» қалалық конкурсы өтеді

2026 жылғы 30 қарашада Алматы қаласында мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері арасында «Қазақ тілді қызметші» қалалық конкурсы өтеді.
Конкурс Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткізіледі.
Конкурстың мақсаты – мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, қызметкерлердің тілдік және кәсіби құзыреттілігін арттыру, мемлекеттік тілді қызмет барысында тиімді қолданатын білікті мамандарды анықтау, қолдау және олардың озық тәжірибесін насихаттау.
Конкурсқа Алматы қаласының мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік ұйымдарының қызметкерлері қатыса алады. Негізгі кезеңде 24 үміткер бақ сынайды.
Конкурс үш кезең бойынша өткізіледі:
1. «Тіл – қызмет айнасы» – қатысушылардың кәсіби қызметі мен мемлекеттік тілді қолдану тәжірибесін таныстыруы.
2. «Іскерлік тіл – кәсіби біліктілік» – ресми-іскерлік жағдаяттар бойынша тапсырмалар орындау және кәсіби тілдік дағдыларын көрсету.
3. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» – қатысушылардың шешендік шеберлігін, ой ұшқырлығын және сөйлеу мәдениетін бағалау.
Үміткерлердің білімін тіл білімі, мемлекеттік тіл және мемлекеттік басқару саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалайды.
Конкурстың жалпы жүлде қоры – 1 000 000 теңге.
Аталған іс-шара мемлекеттік қызмет саласында қазақ тілінің мәртебесін арттыруға, кәсіби қарым-қатынас мәдениетін жетілдіруге және мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсету тәжірибесін дамытуға бағытталған.
Өтетін күні: 2026 жылғы 30 қараша
Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, М. Әуезов атындағы №102 конференц-зал.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 26 қарашаға дейін
Электрондық пошта: kazqogamyalmaty@gmail.com, kazqogam1@gmail.com Ділмұратқызы Ақерке
Байланыс телефоны: +7 701 664 2721

Ұқсас жаңалықтар

Абайдан альфа ұрпаққа дейінгі ғибратнама

Мәскеуде Әлихан Бөкейхановтың мүсіні орнатылды

Мәскеуде қазақстандық банктің бұрынғы қызметкері ұсталды