«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Астана LRT-де тіл өзгерісі: Қазақ және ағылшын, орысша жазу болмайды

екі тілде қызмет
ашық дереккөзден

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің алғашқы вагондары орнатыла бастады. Желі қолданушысы Қалдыбек Сабыржан өз парақшасында вагон ішінен түсірілген суретті жариялап, ондағы жазулардың тек қазақ және ағылшын тілінде екенін атап өтті. Суреттен байқауға болатындай, вагон ішінде орыс тіліндегі жазулар жоқ. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейбір қолданушылар бұл шешімді мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған оң қадам деп бағаласа, енді бір бөлігі үштілділік қағидатының сақталмауына алаңдаушылық білдіруде.

11 маусым күні Астанадағы №101 станциясына жеңіл рельсті көліктің алғашқы құрамы жеткізілді. Вагондар тестілеу режимі басталғанға дейін кезең-кезеңімен орнатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді. Оның айтуынша, алғашқы құрамды көтеру жобаны жүзеге асырудағы маңызды кезең болып саналады. Компания биылғы күзде LRT жүйесін сынақтан өткізуді бастауды жоспарлап отыр.

Елордаға алғашқы екі құрам Қытайдан арнайы жабдықталған автотрайлерлермен жеткізілді. LRT пойыздарының сыртқы және ішкі көрінісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметі арқылы жария етілді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жеңіл рельсті көлік желісін жолаушылар үшін толықтай іске қосу 2026 жылдың наурызына дейін жоспарланған. Бұған дейін әкім жол жүру ақысы 100–200 теңге аралығында болатынын мәлімдеген еді.

Астана LRT жобасы заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Ол қала тұрғындары үшін қауіпсіз, қолжетімді және ыңғайлы көлік жүйесін құруды көздейді. Жобаның іске асуы елордадағы қоғамдық көлік саласына тың серпін бермек.

Ұқсас жаңалықтар

270 сарбаздың өлімі: министрлік себебін түсіндірді

Redaktor Shyn-Ar

Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушыларға тергеу кезінде қысым көрсетілген: Прокуратура тексеріс қортындысын жариялады

Қазақстандағы рақымшылық: Қанша сотталушы бостандыққа шығады?

Пікір жазу