«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратэкономика

Қазақстан АЭС құрылысын Ресейге тапсырды

Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы агенттігі елімізде атом электр станциясын (АЭС) салуға қатысты ең тиімді және оңтайлы ұсыныс анықталғанын хабарлады.

Атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жүргізілген талдау нәтижелері негізінде ресейлік «Росатом» компаниясының ұсынысын үздік деп таныды. Қытайдың CNNC компаниясы екінші орынға ие болса, Францияның EDF және Оңтүстік Кореяның KHNP компаниялары үшінші орынды бөлісті.

Агенттік мәлімдеуінше, Қазақстан алғашқы АЭС-ті салу үшін тиімді халықаралық консорциум құру мақсатында шетелдік серіктестермен жұмысын жалғастырады.

Еске салсақ, 2025 жылғы ақпанда АЭС салынатын орын ретінде еліміздің энергожүйесіне қолайлы өңір анықталған болатын. Алайда құрылыс жүргізетін мердігер немесе консорциум туралы нақты шешім осы уақытқа дейін қабылданбаған еді.

Технологиялық серіктес болуға үміткерлер қатарында ресейлік «Росатоммен» бірге Оңтүстік Кореяның KHNP, Қытайдың CNNC және Францияның EDF компаниялары да бар еді.

Ұқсас жаңалықтар

Айбар Олжай: «Magnum отандық өнімді ығыстырып, ресейлік тауарларды өткізуге бейіл»

Redaktor Shyn-Ar

Әскери қызметкерлерге туыстарынан баспана жалдауға немесе сатып алуға тыйым салынды

Redaktor Shyn-Ar

8 НАУРЫЗ – АНАЛАР МЕРЕКЕСІ ТАРИХЫ, ИДЕОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ДІНИ ҰСТАНЫМДАР

Redaktor Shyn-Ar