2025 жылдың 14 шілдесінде Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты Заңға маңызды өзгерістерге қол қойды. Енді қазақстандықтар үшін бірыңғай базалық мемлекеттік медициналық көмек пакеті енгізіледі. Бұл шешім – денсаулық сақтау жүйесін әділ, қолжетімді және тұрақты етуге бағытталған ауқымды реформа.
Негізгі жаңалықтар:
-
Енді медициналық көмек екі негізгі пакетке бөлінеді:
-
Мемлекет кепілдік беретін бірыңғай базалық пакет (35%)
-
МӘМС арқылы қаржыландырылатын пакет (65%)
-
-
Базалық пакетте сақталатын қызметтер:
-
13 әлеуметтік маңызы бар ауруды емдеу (туберкулез, АИТВ, онкология, диабет, ДЦП және т.б.)
-
Жедел жәрдем мен стационарлық көмек
-
Инфекциялық ауруларды емдеу, паллиативті көмек, диализ, шетелде емделу мүмкіндігі
-
-
МӘМС пакетіне ауысатын қызметтер:
-
Қосымша 13 созылмалы ауруды емдеу (артропатия, қалқанша безі, бауыр, жүрек және т.б.)
-
Скрининг пен диагностиканың жаңа түрлері (коронарография, УДЗ, онкоскринингтер)
-
2026–2027 жылдары не өзгереді?
-
2026: Әлеуметтік маңызы бар 11 ауруға тегін диагностика, скрининг ауқымының кеңеюі
-
2027: МӘМС аясында дәрі-дәрмекпен қамту және бастапқы медициналық-санитарлық көмек қосылады
Қамтылу көрсеткіші артады
Қазіргі таңда елімізде 3,4 млн адам сақтандырылмаған, олардың 1 млн-ға жуығы – әлеуметтік осал топтар. 2025 жылы МӘМС жүйесімен қамтылу 95%-ға жетеді деп жоспарланған. 15 жеңілдік санатына жататын 12,1 млн адамның жарнасын мемлекет төлейді.
Бұл реформа – медициналық көмекті баршаға әділ әрі қолжетімді етуге бағытталған маңызды қадам. Жаңа модель халықтың өмір сапасын арттырып, денсаулық сақтау жүйесінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етпек.
