«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлемБасты ақпарат

Мұнай тағы 10 долларға арзандаса, Ресей соғысты тоқтатуға мәжбүр болады – Трамп

Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп мұнай бағасы барреліне тағы 10 долларға арзандаса, Ресей Украинадағы соғысты тоқтатуға мәжбүр болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол CNBC News арнасына берген сұхбатында айтты.

«Егер мұнай бағасы тағы 10 долларға түссе, Путиннің басқа таңдауы қалмайды. Ресей экономикасы қазірдің өзінде ауыр жағдайда», – деді Трамп.

Сондай-ақ ол Үндістанның Ресейден мұнай сатып алуына байланысты алдағы 24 сағат ішінде бұл елге салынатын баж салығын едәуір арттыру ниеті бар екенін жеткізді.

«Біз баж салығын 25% деңгейінде тоқтатқан едік, бірақ менің ойымша, алдағы тәулікте оны айтарлықтай көтереміз. Өйткені олар ресейлік мұнай сатып алып жатыр», – деді Трамп.

Айта кетейік, әлемдік мұнай бағасы төмендеуді жалғастыруда. 5 тамыздағы мәлімет бойынша, Лондондағы ICE биржасында қазан айына арналған Brent маркалы мұнай бағасы 1,24%-ға арзандап, барреліне 67,87 долларды құрады. Ал қыркүйекке арналған WTI маркалы мұнай бағасы 1,4%-ға төмендеп, барреліне 65,36 доллар болды.

Ұқсас жаңалықтар

Русофобиямен күресемін деген блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысында зираттарды су басты

Redaktor Shyn-Ar

«55 мың теңге – бір айға емес, бір күнге де жетпейді!»:Қазақстанда миллион адам кедейлік шегінде өмір сүреді