«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратМәдениет

Дженнифер Лопестің концерті кезінде Алматыда бірнеше көше жабылады

Аталған көше учаскелері 10 тамыз күні сағат 16:00-ден бастап жабылады.

Алматы қаласының Полиция департаменті Орталық стадионда өтетін концерт кезінде жабылатын көшелердің схемасын жариялады.

Атап айтқанда:

Абай даңғылы Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін;

Қ.Сәтбаев көшесі Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;

Байтұрсынов көшесі Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін жабық болады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін іс-шараға полиция, әскери қызметкерлер, жеке күзет пен еріктілерден құралған 3 мыңға жуық адам жұмылдырылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін арнайы 50 автобус ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, LED-экрандар мен бағыттаушы белгілер орнатылып, концертке келушілер үшін навигация қамтамасыз етіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Тоқаев Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңесті басқарады

Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar