«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Ауыл шаруашылығына бөлінетін дизель енді түспен белгіленеді

Энергетика министрлігі көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отынын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеткізу жұмыстарын жалғастыруда. Ведомство мәліметінше, дизель отынын бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету және оның қозғалысын бақылауды күшейту мақсатында бірқатар цифрлық және түстік бақылау тетіктері енгізілген.

Атап айтқанда, әрбір тұтынушыға жеке ПИН-кодтар беріліп, дизель отыны сары, көк және қызыл түстерге боялатын жүйе іске қосылды. Сонымен қатар, электрондық шот-фактуралар жүйесінде дизель отынына арналған арнайы виртуалды қойма құрылды.

Министрліктің хабарлауынша, қабылданған шаралар дизель отынын мақсатсыз пайдалану көлемін едәуір азайтуға мүмкіндік берген. Нәтижесінде нақты тұтыну көлемі 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін төмендеп, 21 пайызға қысқарған.

Жыл басында Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері егіс науқанына қажетті 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекіткен. Жеткізілімдер 1 ақпан мен 30 маусым аралығында жүзеге асырылады.

Ведомство ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

1 шілдеден бастап самокатқа міну қиындайды

Тоқаев Астанада қайтыс болған фельдшерді марапаттады

Redaktor Shyn-Ar

18 млрд тенге задолжали своим детям родители в Казахстане