«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Аяғынан айырылған қызға автопарк өмір бойы көмек береді

Автобус апатында аяғынан айырылған қыздың отбасына автопарк өмір бойы көмектеседі
ашық дереккөзден

5 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Махаббатқа жан-жақты материалдық қолдау көрсетіледі және барлық қажетті шығындары өтелмек. Бұл уәде заң жүзінде рәсімделеді.

Бұған дейін 7 жастағы Алуаның туыстары әлеуметтік желілерде 11 маусымда Астанадағы №1 автопарктің басқарма төрағасы Мадияр Тукпатовпен сөйлескенін хабарлаған.

Олардың айтуынша, автопарк басшысы Алуаның да, Махаббаттың қалған төрт баласының да лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету бойынша барлық шығынды өмір бойына өз мойнына алатынына кепілдік берген.

Қазір Алуа ауруханада. Оны алда ұзақ оңалту кезеңі күтеді және протез салу қажет. Анасы қызының күтімін жасау үшін жұмысынан шығып кеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының экс-әкімі жаңа лауазымға тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда никаб киюге тыйым салатын заң енгізілмек

В Казахстане вводят новые правила покупки SIM-карт

Пікір жазу