«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБасты ақпаратҚоғам

Азаматтық алу жеңілдейді: Қазақ тілінен талап төмендетілмек

Азаматтық алу жеңілдейді: Қазақ тілінен талап төмендетілмек

Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтық алу талаптарын жеңілдетуді ұсынды. Атап айтқанда, қазақ тілі бойынша шекті балл төмендетіледі.

Жарияланған құжат жобасына сәйкес, Қазақстан азаматтығын алу немесе қалпына келтіру үшін үміткерлерге қойылатын тестілеу талаптары мынадай:

  • Қазақ тілі – кемінде 15 балл (бұрын 36 балл);

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы негіздері20 балл (бұрын 9 балл);

  • Қазақстан тарихы15 балл (талап өзгермейді).

Министрлік түсіндіруінше, жаңа ереже әр пән бойынша сұрақтар санын теңестіріп, жалпы өту шегін 10%-ға төмендетуді көздейді.

«Жоба азаматтық алуға ниетті тұлғаларды тестілеу кезінде пәндер бойынша сұрақтар санының тең арақатынасын қамтамасыз етуге және өту шегін 10%-ға азайтуға мүмкіндік береді», – делінген министрліктің хабарламасында.

Жаңа талаптар азаматтық рәсімін оңайлатып, үміткерлерге қойылатын тілдік және құқықтық білім бойынша шектеулерді нақты әрі әділ етуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қарағандыда 2 сәбиін сатқан көпбалалы ана сотталды

Европейская неделя иммунизации стартовала 27 апреля в Казахстане

Аким в Актюбинской области попытался совершить суицид

Пікір жазу