«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Батыс Қазақстан облысындағы бес баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Батыс Қазақстан облысындағы бес баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөззден

Жымпиты ауылында шыққан өрттен бес бала қаза тапты

2025 жылғы 4 мамырда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі бес бала көз жұмды. Қайғылы оқиға кезінде ата-анасы жұмыста болған. Көпбалалы отбасы жалдамалы пәтерде тұрған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, балалардың өліміне көмірқышқыл газымен улану себеп болған. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның нақты себептері анықталуда.

Оқиғаға байланысты Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ресми мәлімдеме жасап, қаза тапқан балалардың отбасына жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетінін хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуы: Зерттеу қорытындысы жарияланды

Redaktor Shyn-Ar

«Дарханға ренжулі едім»: Азамат Тоқтаубаев тергеуде жалған мәлімет бергенін мойындады

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінен кетіп, жаңа лауазымға тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу