«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратСот

Сот шешімімен Шерзат ісіне қатысы бар азаматтың бірі босатылды

Шерзат Полаттың қазасына байланысты іс бойынша сотталғандардың бірі – жасөспірім Думан Ысқақ бостандыққа шықты. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.

– Думан Ысқақ бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазасын толық өтеген. Осыған байланысты Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 23 шілдеде бұлтартпау шарасын жойып, оны қамаудан босатты, – деді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, апелляциялық сот отырысы 18 тамызда Алматы қаласының сот ғимаратында өтеді.

Еске салайық, 2024 жылдың 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Аталған іске қатысты 2024 жылғы 5 маусымда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкім шықты. Судья Ержан Жанұзақов Шерзаттың өліміне қатысы бар деп танылған 9 сотталушыға үкім шығарған.

Сот шешімімен басты айыпталушы Абзал Шынасыл Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) және 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша кінәлі деп танылып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды

Ұқсас жаңалықтар

Наурызда қазақстандықтарға қосымша демалыс күні беріледі

Қазақстанда суррогат аналардың шетелдіктерге бала туып беруіне тыйым салынбақ

Жылжымайтын мүлік үшін 450 миллион: Үкімет «сән-салтанат» салығының шегін анықтады

Redaktor Shyn-Ar