«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғамэкономика

Блогер мемлекет қаржысын жарнамаға жұмсаған

Желіде Нұрдәулет Бектұрсын есімді қазақстандық блогердің мал бордақылау мақсатында мемлекеттен 48 миллион теңге субсидия алып, бұл қаржыны жеке имиджін қалыптастыруға жұмсағаны туралы ақпарат тарады.

Egov.press Telegram-арнасының хабарлауынша, жергілікті тұрғындар блогерден де, бордақыланған малдан да еш нәтиже көрмеген.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың мәліметінше, әлеуметтік желіде NNN лақап атымен танылған блогер бұл қаржыны Ауыл шаруашылығы министрлігінен алған. Алайда Кентау өңірінің тұрғындары субсидия игерілгеннен кейін мал да, нақты нәтижелер де болмағанын айтып отыр.

Тұрғындардың пікірінше, Бектұрсын қаржыны өзін жарнамалауға пайдаланған. Соған қарамастан, құқық қорғау органдары әзірге ешқандай шара қабылдамаған.

Ұқсас жаңалықтар

«Mercedes, пәтер немесе 50 миллион теңге»: Тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады

Мопедті қалай тіркеуге болады — ІІМ түсіндіріп берді

3 жасқа дейін жәрдемақы төлеу ұсынысы талқылануда