«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.
Қайырхан Тұтқышбаев 1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы Алматыдағы «Орталық Азия тау-кен одағы» ҚБ-да бастаған.
2011–2014 жылдары «Degdar Engineering» ЖШС-та тау-кен жұмысын және жабдығын жобалау бөлімінің инженері ретінде қызмет атқарған. Әр жылдары Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінде бас сарапшы, басқарма басшысы және директор лауазымдарын иеленді.
2022–2023 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары;
2023 жылы – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары;
2023–2024 жылдары – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
2024 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның сирек металдар мен жерде сирек кездесетін металдарды геологиялық барлау және дамыту жөніндегі басқарушы директоры болды.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Graphite Minerals» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
