«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Астана соты әйелдерге қатысты пікір үшін Рүстем Жүгінісовке айыппұл салды

Астанада сот блогер және бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісовті кінәлі деп тапты.

Қазақстандық ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі (Әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған масс-медиа өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату) бойынша жауапкершілікке тартылды.

«Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Рүстем Жүгінісов ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот 78 640 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», — деді соттың баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін ол Ақтөбе мешітінде болған оқиғаны талқылап, сынға қалды.

Ұқсас жаңалықтар

Депутаттардың тендерлерге қатысуына тыйым салу мәселесі қоғамда талқылануда

Шымкентте жүкті әйелдерге мемлекеттік жәрдемақыны заңсыз көбейтуге көмектескен күдікті сотталды

Redaktor Shyn-Ar

Өмірдің кілтін ұстатқан ұстазым туралы бір үзік сыр

Redaktor Shyn-Ar