2025 жылғы сәуірде ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдардың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды, олардың біреуі бұрын соттылы болған.
Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Комитет бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша сот Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімдерін шығарғандығы атап өтілді. Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан.