«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады
көрнеі сурет

Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан Ұлы Жеңіс. 80 жыл коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Номиналы 200 және 1000 теңгелік монеталар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай шығарылғалы отыр.

«Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандарды еске түсіретін мәңгілік алау көрініс тапқан. 80 санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үндеседі», — деп жазылған хабарламада.

Номиналы 1 000 теңгелік монета алтын жалатылған 925 сынамалы күмістен жасалған, таралымы – 2 000 дана.

Номиналы 200 теңгелік монеталар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста бар монеталармен бірге еркін айналымда болады.

Ұқсас жаңалықтар

«Алаш және дін». Жаңа деректі фильм көрерменге жол тартты

Redaktor Shyn-Ar

Қарағанды облысының мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar

Жазғы бағыттар: Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылады

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу