«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Қазақстан Құрылтайының бірінші шақырылымдағы алғашқы сессиясы 28 тамыз күні Астанада өтеді.

Бұл туралы Мемлекет басшысының «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлығында айтылған.

Құжатқа сәйкес, Құрылтайдың алғашқы сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылады.

Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған. Құжатта оның қол қойылған күнінен бастап күшіне енетіні көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысқан сайлаушылардың үлесін жариялаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

shyn_ar_admin

Досаев Алматы әкімі қызметінен босатылды

«145 депутат 5 жылға сайланады»: Парламент Құрылтай туралы заңды қабылдады