«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратТіл

Қазақстан азаматтығын алған соң қазақ тілін қорлаған ер адам жазаланды

Қазақстан азаматтығын алған ер адам әлеуметтік желідегі қазақ тілі мен қазақ халқына қатысты жазбалары үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ер адам Instagram парақшасында Қазақстан азаматтығын алғанын айтып, Ресей азаматтығынан шығу процесі туралы жазған.

«Қазақстан азаматтығын алдым, бірақ Ресей азаматтығынан оңайлықпен құтыла алмайсың… Жолдың жартысы ғана жүрілді деуге болады. Ресейге, әрине, әлі талай рет баруыма тура келеді. Бірақ енді жоспардан тыс сапарлар да қосылатын сияқты», – деп жазды ол.

Кейін оның парақшасынан қазақ тілі мен қазақ халқына қатысты кемсітушілік сипаттағы бірқатар жазба анықталды. Мәселен, ол қазақ тілін білмейтінін айтып, тілдің қажетсіз екенін меңзеген, сондай-ақ қазақтарды қорлайтын пікірлер жариялаған.

Бұл жазбалар әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің наразылығын тудырды. Осыдан кейін Алматы полициясы аталған факті бойынша тексеру жүргізді.

Бостандық аудандық полиция басқармасы ер адамның жеке басын анықтап, оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі – «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

«Аталған факті бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», – деп хабарлады полиция департаменті.

Сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындап, қатаң жаза қолданбауды сұраған. Алайда сот шешімімен Қазақстан азаматтығын жақында алған ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

270 сарбаздың өлімі: министрлік себебін түсіндірді

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда кедейлікті бағалау өзгереді: енді тек табыс емес, тұрмыс сапасы маңызды

Қазақстаннан 12 тонна жанармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды