«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратЗаң

Қазақстаннан 12 тонна жанармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Қазақстанда арзан жанар-жағармайды шетелге заңсыз шығаруға қатысты бақылау күшейтілді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бір айда 12 тоннаға жуық жанармайдың елден заңсыз шығарылуына жол берілмеген.

Құқық қорғау органдары мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде жүргізілген тексерулер барысында рұқсатсыз үлкейтілген жанармай бактары орнатылған 54 көлікті анықтады. Көлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ведомствоның хабарлауынша, кейбір техникалық қызмет көрсету станциялары көліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатып, арзан қазақстандық отынды көрші елдерге тасымалдауға жағдай жасаған. Осыған байланысты мұндай автосервистерге де тексеру жүргізілуде.

Мәселен, Жамбыл облысының Қордай ауылында полицейлер мен салық қызметкерлері 16 техникалық қызмет көрсету станциясын тексеріп, бірнеше шеберхананың қажетті рұқсат құжаттарынсыз қосымша бактар орнатқанын анықтаған. Нәтижесінде алты автосервис иесіне қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік шекарадағы 48 автомобиль өткізу пунктінде 59 патрульдік полиция бекеті жұмыс істейді. Бақылау әсіресе Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарында күшейтілген.

ІІМ заңсыз жанармай тасымалы елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін атап өтіп, мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары жалғасатынын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қарағандыда патронаттық ата-анасының қатыгездігінен бала мүгедек болып қалды»

Нұрмахан Елтайдың «Әр кәллада бір қиял» кітабының тұсаукесері өтті

Redaktor Shyn-Ar

Мұнай тағы 10 долларға арзандаса, Ресей соғысты тоқтатуға мәжбүр болады – Трамп

Redaktor Shyn-Ar