«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқықСаясат

Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

Әділет министрлігін бұрын басқарған Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифинг барысында мәлімдеді.

«Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу деректері бойынша тергелді. Тергеу ‘құпия’ белгісімен жүргізілгендіктен, іс материалдары мен қылмыс жай-жапсары жария етілмейді», – деді ол.

Агенттік таратқан мәліметке сүйенсек, экс-министрдің мүлкі де толықтай мемлекет пайдасына тәркіленген. Бұған дейін Бекетаевтың қамауда ұстау мерзімі ұзартылғаны және елден қашпақ болған сәтінде қолға түскені хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда мопед иелері жазаланып жатыр

Бала туу азайып барады: БҰҰ дабыл қақты

Redaktor Shyn-Ar

2025 жылы Рамазан айы қашан басталады?

Пікір жазу