«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметҚоғам

Алматыда балабақша ваучерін қалай алуға болады?

Алматыда балабақша ваучерін қалай алуға болады?
көрнекі сурет
  • 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Алматы қаласында мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі іске қосылады. Бұл жүйе Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрығымен бекітілген өңірлердің Пилоттық жобаға көшу кестесіне сәйкес енгізілуде.

Жаңашылдықтың мақсаты

  • Мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;

  • Ата-аналарға балабақша таңдау еркіндігін беру;

  • Бәсекелестікті күшейту;

  • Жекеменшік сектордың дамуына жол ашу.

Ваучерлік жүйенің артықшылықтары

Жаңа жүйе арқылы ата-аналар мемлекеттік те, жекеменшік те балабақшалардың қызметтеріне төлем жүргізе алады. Ваучер бала балабақшаға нақты барған жағдайда ғана қаржыландыру көзіне айналады.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап ата-аналар https://balabaqsha.snation.kz/ электронды порталы арқылы ваучер алу үшін өтініш бере алады.

Бағдарламаға қатысатын ұйымдар:

  • 196 – мемлекеттік балабақша;

  • 792 – жекеменшік балабақша.

Ұйымды таңдау бос орындардың болуына қарай жүзеге асырылады.

Бағдарлама қалай жұмыс істейді?

  1. Ата-аналар https://balabaqsha.snation.kz/ порталы арқылы ваучер алу үшін өтініш береді;

  2. Ваучер баланың балабақшада болу құнының бір бөлігін жабады;

  3. Қаржыландыру бала нақты балабақшаға барған жағдайда ғана балабақшаға аударылады;

  4. Бағдарламаға қатысатын жекеменшік балабақшалар белгіленген сапа стандарттарына сай болуы керек.
    Бағдарламаға қатысу үшін ресми порталға https://balabaqsha.snation.kz/ кіріп, ваучер алу үшін өтініш беру қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда смартфондарды верификациялау жүйесі мемлекетке өтеді

Қазақстандықтар гранттардың әділетсіз бөлінуіне шағымданады: Оқу-ағарту министрлігінің жауабы

Китай сделал сенсационное заявление о пандемии COVID-19