«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан айырылды

Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Бұл шешім Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтында жарияланды деп хабарлайды ozgeris.info. Деректерге сәйкес, кадрлық өзгеріс 2026 жылдың 7 сәуірінде ресми түрде бекітілген.

Соңғы айларда Досаевтың мансабында бірқатар күтпеген ауыс-түйістер болды. 2025 жылдың қыркүйегінде ол Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне келген еді. Алайда бұл тағайындау ұзаққа созылмай, жарты жыл өтпей жатып 2026 жылдың наурызында қызметінен кетті.

Оған дейін де оның ұлттық компаниялардағы позициялары қысқара бастаған: бұған дейін ол «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінен де шығарылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы әуежайын су басты

Закрывающую лицо одежду хотят запретить в Казахстане

Дамир Оразбаев

Қазақстан мен Ресей туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады