«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 32 алтын медаль жеңді

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтыншы жарыс күнінде Қазақстан спортшылары жүлде қорын толықтырып, ел қоржынындағы алтын медаль санын 32-ге жеткізді.

6 қыркүйекте қазақстандық спортшылар көкпар, көкбөрі, тоғызқұмалақ, мангала және овари сынды ұлттық әрі дәстүрлі спорт түрлерінен бақ сынады.

Зияткерлік спорт түрлеріндегі жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен басталған болатын. Ал алтыншы күні аталған спорт түрлерінен шешуші бәсекелер өтіп, қазақстандықтар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы 4 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.

Мангала бойынша да отандастарымыз жүлделі орындардан көрінді. Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасының өкілдері 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Африка халықтарының дәстүрлі зияткерлік ойыны саналатын овари жарысында да қазақстандық спортшылар жүлдеге қол жеткізді.

Көкбөріден финалдық кезеңде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Тартысты өткен шешуші ойында қырғыз спортшылары басым түсіп, алтын медальға ие болды. Қазақстан құрамасы күміс жүлдені місе тұтты.

Осы нәтижелердің қорытындысы бойынша VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 32 алтын медаль еншілеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қатыгездікпен өлтірген: Ұлытау облысында пәтерден анасы мен қызының мәйіті табылды

Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін

Қазақстанда жұмысқа қабылдау кезінде тағы бір құжат сұралуы мүмкін