«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті

Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті
көрнекі сурет

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жылдық мәнде 7,3%-ға өсті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

Күріш – 452 тг/кг;

Айран 2,5% – 412 тг/л;

Картоп – 173 тг/кг;

Пияз – 164 тг/кг.

Ұқсас жаңалықтар

Мәскеуде қазақстандық банктің бұрынғы қызметкері ұсталды

Туу көрсеткіші құлдырады: Ауыл мен қалада да балалар саны азайып жатыр

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстандағы ең ірі екі компания бірігетін болды

Пікір жазу