«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБілім

Қазақстанда соңғы қоңырау қай күні соғылады?

Қазақстанда соңғы қоңырау қай күні соғалады?

Қазақстанда 2024 оқу жылы аяқталуға жақын. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл жылы 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды, оның ішінде 217 мыңнан астамы – мектеп бітіруші түлектер.

Оқу жылы дәстүрлі түрде 34 аптаға созылып, мамырдың соңына қарай аяқталады. Министрлік биыл соңғы қоңырау күніне қатысты өзгеріс болатынын мәлімдеді.

«Оқу жылының ресми аяқталу күні жексенбіге (26 мамыр) түсіп отырғандықтан, 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау салтанаты 23 немесе 24 мамырда өтеді. Бұл күн нақты шешімді әр мектептің әкімшілігі қабылдайды,» – деді министрлік өкілі.

Ұқсас жаңалықтар

Instagram, Facebook-те «декретке миллионмен» шығару жолын үйреткендер жазаланады

Redaktor Shyn-Ar

Қостанай облысында прокурорлар заңсыз кен іздеушіліктің жолын кесті

shyn_ar_admin

Бүгіннен бастап Қазақстанда жаңа айыппұлдар қолданысқа енді

Пікір жазу