«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

Қазақстандағы алғашқы АЭС қанша қаржыға салынады?

АЭС
ашық дереккөзден

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Парламент Палаталарының бірлескен отырысы кулуарында елімізде салынатын алғашқы атом электр станциясының (АЭС) болжамды құнына қатысты пікір білдірді.

– «Біз нақты соманы айта алмаймыз, өйткені ол келісімдермен және процеске қатысушылар арасындағы шарттармен реттеледі. Дегенмен, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, мұндай деңгейдегі станцияның құны шамамен 14 миллиард доллар болуы мүмкін», – деді агенттік басшысы.

Бұған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу бойынша ең тиімді ұсыныс ресейлік «Росатом» компаниясынан түскені белгілі болған. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен «Росатом» арасында АЭС салуға қатысты жол картасы бекітілді.

Жоспар бойынша, Ресей станция құрылысын 12 жыл ішінде аяқтауды көздеп отыр.

АЭС құрылысының қаржыландырылуы жөнінде де алдын ала келіссөздер жүргізілген. Мәскеу тарапы Қазақстанға жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру ұсынып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

БIР ШЕЖIРЕНIҢ ҚҰПИЯСЫ: Немесе «алдамшы» билер, «қуыршақ» хандар хақында

Жыл басынан бері 20 мыңнан астам киік қырылған

Redaktor Shyn-Ar

Зайсаннан газ табылса, Қытайға экспорттала ма? – министр түсіндірді

Пікір жазу