«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

Қазақстандағы екінші АЭС құрылысын Қытайлық компания салады

Қазақстандағы екінші атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі консорциумның жетекшісі ретінде Қытайдың CNNC (China National Nuclear Corporation) компаниясы таңдалды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдын ала іріктеуге қатысқан барлық үміткерлер бірегей технологияларға ие болғанымен, ең тартымды ұсыныстар Қытай мен Ресей компанияларынан түскен.

«Қытаймен ядролық саладағы ынтымақтастық туралы жеке келісімге қол қою жоспарланып отыр. Біз тағы бір АЭС салу үшін Қытай технологияларын Қазақстанда көргіміз келеді. Объективті түрде айтсақ, әлемде ядролық отын циклін толық игере алатын елдер көп емес. Қытай – сондай мемлекеттердің бірі. Біздің келесі басты басымдығымыз – Қытаймен ынтымақтастық», – деді Сәтқалиев.

Агенттік басшысының айтуынша, екінші АЭС жобасы бойынша Қытаймен жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазақстан тарапы CNNC-тің жылдам әрі сапалы құрылыс жүргізу тәжірибесін пайдалануға мүдделі.

«Біз бұл бағытта жұмысты бастап кеттік. Агенттік тиімді консорциумдар құруы тиіс», – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда салынып жатқан бірінші АЭС-тің құрылысын ресейлік “Росатом” компаниясы жүзеге асыратыны хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Жыл басынан бері 20 мыңнан астам киік қырылған

Redaktor Shyn-Ar

Қарағанды облысының мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar

Трамп АҚШ-қа соғыстан қашып келген украиналықтарды еліне қайтармақ

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу