«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемМәдениет

Қазақстандықтар ресейлік Полина Гагаринаның концерттеріне қарсылық білдірді

Қазақстандықтар ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерттерін өткізуге қарсы петиция жариялады. Олар E-petition платформасында мәдениет және ақпарат министрлігіне Алматы мен Астанада өтеді деп жоспарланған Гагаринаның концерттерін тоқтатуды талап етті.

Петиция мәтінінде әншінің гастрольдік сапарлары қоғамның бір бөлігінде алаңдаушылық туғызатыны атап өтілген. Авторлардың пікірінше, Полина Гагарина бұған дейін «халықаралық құқыққа қайшы әрі үлкен резонанс тудырған» саяси ұстанымдарды ашық қолдаған. Бұл Қазақстан қоғамында әлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, концерттер елдің халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу саясатына қайшы келеді.

Петицияда екі негізгі талап көрсетілген: біріншісі — Алматы мен Астанадағы концерттерді тоқтату, екіншісі — ұлтаралық келісім мен қоғамдық тәртіпке теріс ықпал етуі мүмкін шетелдік әртістерді шақыруға бақылауды күшейту.

Жарияланған сәтте петиция 50 қол жинап, қазіргі уақытта дауыс беруге жабық тұр. Қазіргі уақытта ол модерацияда және бұл процесс 20 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.

Полина Гагаринаның ресми сайтында Астанадағы концерті 27 қарашаға жоспарланғаны көрсетілген, алайда билеттер әлі сатылымға шыққан жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 12 адамның қазасынан кейін жаппай тексеріс басталды

Министрлік интернет сапасының нашарлауына қатысты түсініктеме берді

Астанада клиника басшылары МӘМС-тен 682 млн теңге жымқырды