«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

ҚМА хабарлады: Samruk-Kazyna Construction-ның экс-басқарушы директорына іздеу жарияланды

ҚМА: Samruk-Kazyna Construction АҚ-ның бұрынғы басқарушы директорына халықаралық іздеу жарияланды
көрнекі сурет

Қаржылық мониторинг агенттігі Samruk-Kazyna Construction-ның бұрынғы басқарушы директоры мен «Дорстройтрест» ЖШС басшысына қатысты тергеу нәтижесін жариялады

Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері Samruk-Kazyna Construction АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры мен «Дорстройтрест» ЖШС басшысына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу барысы туралы мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті аталған тұлғаларға қатысты тергеуді аяқтаған. Оларға «Көк-Төбе» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдік тағылған.

2022 жылғы қаңтарда Samruk-Kazyna Construction АҚ мен «Дорстройтрест» ЖШС арасында құрылысқа инвестиция салу туралы келісімшарт жасалып, 2,6 миллиард теңге көлемінде аванс төленген. Алайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмай, өрескел бұзушылықтармен жүргізілген.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер авансты құрылысқа емес, қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсаған. Сонымен қатар, 650 миллион теңге жалған шарттар арқылы компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Қылмыстық жолмен алынған кіріске 23 миллион теңге тұратын екі автокөлік сатып алынып, оларды тәркілеуден жасыру үшін сенімді адамдардың атына рәсімделген.

Сот санкциясымен күдіктілердің 170 миллион теңге тұратын мүлкіне – 5 автокөлік пен Астанадағы пәтерге тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Сонымен бірге, Samruk-Kazyna Construction АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуге жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

«Росатом» басшысы Қазақстанда АЭС құрылысы жақында басталатынын мәлімдеді

«Миллион айыппұлмен қорқытты»: Денсаулығында кінәрат бар сарбаз әскерде қаза тапты

Redaktor Shyn-Ar

Таразда мәслихат депутаты соққыға жығылды: Күдікті ұсталды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу