«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқық

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Желіде мемлекет бюджеті мен оның қалай жұмсалып жатқаны туралы видеолар жариялап жүрген қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Оған алаяқтық және қаржы жымқырды деген айып тағылып отыр. Бас прокуратураның мәліметінше, ол Алматы қаласында қолға түскен.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Боқаев әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар жариялаған деген күдікке ілінді. Аталған видеоларда жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақтарда ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы көрсетілген.

Тергеу нұсқасы бойынша, Боқаев бұл әрекеттерді өзі ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен азаматтарды тартып, оларға ақшалай сыйақы ұсынып, ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген деген болжам бар. Сонымен қатар, ол аса ірі көлемде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке де ілінуде.

Айта кетейік, Санжар Боқаев бұған дейін Қазақстаннан кетіп, шетелге қоныс аударғанын мәлімдеген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«Бұл – отбасының жеке мәселесі»: Еңбек министрлігі сәбиімен курьер болып жүрген анаға қатысты пікір білдіруден бас тартты

Изрезал пятилетнего ребенка в лифте: подростку назначили принудительное лечение

Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин қызметінен кететінін растады

Redaktor Shyn-Ar