«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Конституциялық комиссия: Тоқаев Әзімова, Қарин және Жиенбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссияның төрағасы – Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімованы, Комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.

Кездесу барысында Президентке Конституциялық комиссияның осы уақытқа дейін өткізген отырыстарының қорытындылары туралы ақпарат берілді. Эльвира Әзімова Комиссия жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық отырыстардың медиа кеңістікте, соның ішінде арнайы Telegram арналары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп жатқанын айтты.

Конституциялық комиссия төрағасының айтуынша, жарты жыл бойы конституциялық реформалар бойынша кең ауқымды қоғамдық талқылау жүргізілген. Электронды платформа арқылы азаматтардан, құқықтанушы ғалымдардан, сарапшылардан, заңгерлерден, саяси партиялардан, үкіметтік емес ұйымдардан, сондай-ақ кәсіби және бизнес қауымдастықтардан 2 мыңнан астам ұсыныс пен бастама келіп түскен.

Алдыңғы отырыстарда Комиссия мүшелері Конституция преамбуласының түбегейлі жаңа редакциясын, сондай-ақ бірқатар баптар мен бөлімдерді әзірлеп, талқылаған.

Мемлекет басшысы алдағы конституциялық реформалар ел дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ Конституциялық комиссияның жұмысы реформаларды іске асыруда аса маңызды рөл атқаратынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті

Ауылдарда ит талаған баланың бәріне дер кезінде медициналық көмек жасалынбайды — Еділ Жанбыршин

Redaktor Shyn-Ar

МӘМС-ке ақша төлемеген, емханада тіркеуде жоқ азаматтар не істейді?

Redaktor Shyn-Ar