«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қоршау ішіндегі трагедия: Ит иесі кінәні балаға жапты

ашық дереккөзден

Алматы облысында 10 жастағы балаға шабуыл жасаған иттердің иесі, оңалту орталығының директоры Алмаз Халиев, оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты. Оның айтуынша, бала иттерді әдейі ызаландырған.

— Балалар орталықтың қоршауының маңында ойнап жүрген. Бір сәтте олар қоршауға өрмелеп, иттерді мазақтап, ашуландырды. Сол сәтте аулада бес айлық екі күшіктің ғана жүргенін атап өткім келеді. Үлкен иттер қоршау ішінде болды. Балалардың бірі екіншісін күзетілетін аумаққа итеріп жіберді. Бізде бұл сәт бейнебақылауға жазылып қалған. Артынша балалар көзден ғайып болды, тек айқай мен шу естіле бастады. Бір бала жерге құлап, айқайлаған. Екіншісі қашып кеткен. Бәлкім, көмекке адам шақырғысы келген шығар, — дейді Халиев.

Оның айтуынша, балаға шабуыл жасаған – сол екі күшіктің бірі.

— Бала жабық қақпадан өте алмай қалды. Кейін оны құтқарған ер адам есікті ашып, аумаққа кірді де, екі күшікті пышақтап тастады. Олар дәрменсіз күшіктер еді. Бірақ әлгі адам бұл оқиға сыртта болды деп отыр. Алайда иттер ешқашан мекеме аумағынан шыққан емес. Оқиға ішкі аумақта болған, — деп қосты ол.

Халиевтің айтуынша, иттер мекеме аумағында тұрады және «белгілі бір деңгейде» қауіпсіздік қызметін атқарады. Жануарларды ұстау ережелері сақталады, ал қоршауға бес жылдан бері «Абайлаңыз, қабаған ит» деген белгі ілінген.

Бұған дейін ит шабуылына ұшыраған баланың анасы Екатерина Бурмистрованың айтуынша, ұлы ауыр жарақат алған. Оның беті мен денесінде көптеген жара бар. Анасы барлық қажетті құжаттарды жинап, сотқа жүгінуге ниетті екенін мәлімдеді. Иттердің оңалту орталығына тиесілі екені анықталды. Оқиғаға байланысты Ұмтыл округінің әкімі мен полиция түсініктеме беріп, ит иесіне айыппұл салынып, сотқа дейінгі тергеу басталған. Жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер баланың еміне көмек ретінде қаражат жинап жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Назарбаевтар зиратындағы жаңа қабір қоғамда сұрақ тудырды – әкімдік түсініктеме берді

СІМ өкілі Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жағдайға пікір білдірді

«Мұқағали Мақатаевты сорлы еркекке» теңеген блогерден ақынның ұлы 10 млн теңге өтемақы талап етті

Пікір жазу