«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Мәулен Әшімбаев: Барша қазақстандық референдумға белсенді қатысады деп сенемін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы республикалық референдумға шығарылады. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи маңызы зор оқиға.

– Конституция жобасы ашық әрі жан-жақты талқыланып, мұқият пысықталды. Талқылау барысында азаматтардың ұсыныстары барынша ескерілді. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі. Осылайша, Әділетті Қазақстанның жаңа конституциялық моделі қалыптасып жатыр, – деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Сондай-ақ ол жаңа Конституцияны әзірлеу жұмысына белсенді қатысқан Парламент депутаттарының еңбегін ерекше атап өтті.

Спикер Конституциялық комиссия мен оның құрамындағы депутаттардың ауқымды әрі жүйелі жұмыс атқарғанын айтты. Соның нәтижесінде дайындалған жаңа Ата Заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланатынын жеткізді.

– Алдағы уақытта Сенат депутаттары жаңа Конституцияның негізгі ережелерін халыққа түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысады деп сенеміз. Әділетті Қазақстанның берік негізі қаланатын осы кезеңде барша азаматтар өздерінің патриоттық ұстанымын білдіріп, референдумға белсенді қатысады деп сенеміз және соған шақырамыз, – деді Сенат төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдағы жерді жалға алғаны үшін АҚШ Қазақстанға қанша ақы төлейді – СІМ жауап берді

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанға Болгария президенті ресми сапармен келеді

Тоқаев: АЭС толық ядролық отын циклін қалыптастырады