Алматыда 14—18 жастағы жасөспірімдергеарналған 100 демалыс орталығы жұмыс істейді. Орталықтарда 300-ден астам үйірме бар, оларға 12 мыңнан астам жасөспірім қатысады. Мектептенкейін балалар мұнда өзіне қызықты бағыттытаңдап, жаңа дағдыларды меңгере алады.
Қалалық желінің 11 орталығы Медеуауданында орналасқан. Аудан жасөспірімдері үйінежақын жерде спортпен айналысып, шығармашылық үйірмелерге қатысып, қатарластарымен таныса алады. Сабақтардың тегінөтуі оларға әртүрлі бағытты байқап көріп, өзінеұнайтын іспен тұрақты айналысуға мүмкіндікбереді.

Орталықтарда жасөспірімдер үйірмеге алғаш келген күнінен бастап өз ілгерілеуін байқай алады. Бірі бұрын қиын көрінген жаттығуды меңгерсе, енді бірі өз жұмысын топ алдында таныстыруғаүйренеді. Осындай нәтижелер балалардың өзінедеген сенімін арттырып, жаңа бастамаларға батылкірісуіне көмектеседі.
«Алғаш келгенде қай үйірмені таңдарымдыбілмедім. Бірнеше сабаққа қатысып көрген соң, өзіме ұнайтын бағытты таптым. Қазір солүйірмеге тұрақты барамын. Орталық маған өзқабілетімді байқауға мүмкіндік берді», — дейдіМедеу ауданындағы бос уақыт орталығыныңтәрбиеленушісі.
Айта кетейік, аталған демалыс орталықтарАлматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жұмыс істейді.
