«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

«Халықтық құрылыс» бағдарламасына 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-министр Олжас Бектенов бағдарламаның ел экономикасын дамытудағы және шетелдік инвестиция тартудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, алдағы онжылдықтарға арналған инфрақұрылымдық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама аясында заманауи инженерлік технологияларды енгізу, құрылыс стандарттарын жетілдіру және құрылыс материалдары мен жабдықтарын бірлесіп өндіру көзделген. Сондай-ақ инвестиция тарту жүйесі жаңартылып, инвесторларға қолдау көрсету тетіктері жетілдіріледі.

Бағдарламаға бөлінген қаражаттың жұмсалуын мемлекеттік комиссия бақыламақ. Оның құрамына мемлекеттік орган өкілдерімен қатар депутаттар, журналистер, сарапшылар және қоғам өкілдері кіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанға келген Путин Президент Тоқаевтың есімін тағы да қате атады

Алматының жаңа басшысы кім болады? 24 мамырда шешім қабылданады

Redaktor Shyn-Ar

Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды