«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратТағайындау

Алматының жаңа басшысы кім болады? 24 мамырда шешім қабылданады

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары 24 мамыр күні сағат 12:00-де Республика алаңы, 4 мекенжайында жиналады. Бұл туралы мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс барысында депутаттар Алматы қаласының жаңа әкімін тағайындауға келісім беру мәселесін қарайды. Бұл шешім 2022 жылғы 8 маусымдағы ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген әкімдерді тағайындау тәртібіне сәйкес қабылданбақ.

Еске сала кетейік, қазіргі әкім Ерболат Досаев бұл қызметке 2022 жылдың 31 қаңтарында тағайындалған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Тәрбиелі қыз – саналы ұрпақтың бастауы

Жүргізуші куәлігі жоқ әйел адам қағып өлтірді: Күйеуі де жауапқа тартылды