«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТағайындау

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Серік Шәпкеновтің орнын басты.

Болат Ақшолақовтың еңбек жолы:

  • 1994–1995 жылдарыAlem Bank Kazakhstan банкінде экономист, бас экономист;
  • 1995–1997 жылдары – Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінде бөлім бастығы, департамент директоры;
  • 1997–2001 жылдары – «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ-да аға сарапшы, менеджер, бас менеджер, департамент директорының орынбасары;
  • 2001–2003 жылдарыCommonwealth and British Services Ltd компаниясында бизнес-талдаушы, менеджер, қаржы директоры;
  • 2003–2006 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰМК» ЖАҚ-да бірлескен кәсіпорындардағы үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директор;
  • 2006–2008 жылдары – Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі;
  • 2009–2010 жылдары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның электр энергетикасы және мұнай-газ активтерін басқару жөніндегі басқарушы директоры;
  • 2010–2011 жылдары – «PSA» ЖШС бас директоры;
  • 2011 жылы – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ президенті;
  • 2012–2014 жылдары – Мұнай және газ вице-министрі;
  • 2014–2017 жылдары – «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры;
  • 2016–2017 жылдары – «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының бас директоры;
  • 2017–2019 жылдары – Энергетика вице-министрі;
  • 2019–2021 жылдары – «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры;
  • 2019–2021 жылдары – «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры;
  • 2021 жылғы сәуір – 2022 жылғы 10 қаңтар аралығы – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
  • 2022 жылы – Энергетика министрі;
  • 2023 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысының әкімі қызметін Серік Шәпкенов атқарған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте театрға бөлінген 136 миллион теңге бюджет қаражаты жымқырылды

Қазақстанда кімнің жалақысы екі есе өскені анықталды

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты

Redaktor Shyn-Ar