«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар AI Journey 2026 форумы аясында жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту мәселелерін талқылады. Тоқаев Қазақстанда биыл Жасанды интеллектіні дамытуға ерекше басымдық берілгенін атап өтті.

Сонымен қатар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларындағы бірлескен жобалар сөз болды.

Мемлекет басшылары екіжақты тауар айналымын 30 миллиард долларға жеткізу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға ниетті екенін растады.

Ұқсас жаңалықтар

Ақорда Тоқаевтың маңызды үндеуін жариялады

Өз елімізде қазақша қызмет ала алмаймыз»: Adidas дүкеніндегі жанжал қоғамды дүрліктірді

Ұлттық құрылтайда биыл қандай мәселе көтеріледі?