«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Ақорда Тоқаевтың маңызды үндеуін жариялады

Мемлекет басшысы Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлейді. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Ұлттық құрылтай отырысы 20 қаңтар күні Қызылорда қаласында өтеді.

«Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пікір білдіреді», – деп жазды Руслан Желдібай.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

  • 2022 жылы – Ұлытауда,

  • 2023 жылы – Түркістанда,

  • 2024 жылы – Атырауда,

  • 2025 жылы – Бурабайда өткен.

Ұқсас жаңалықтар

Қытай Қазақстанға 7,5 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетпек

Redaktor Shyn-Ar

«Бұл – жала»: Амантай қажы әйелді итерді деген айыпқа қатысты жауап берді

242 млн теңге жұмсалған Steppe Rider: Қазақ тілін үйрететін ойын неге өтпей қалды?