«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметҚұқық

Бүлдіршінді тепкілеп, қолын бұраған: Кішкентай баласын аяусыз ұрып-соққан ана қамалды

Жаркент қаласында кәмелетке толмаған баласына күш қолданған 28 жастағы әйел қамауға алынды. Бұл туралы Жетісу облысының Полиция департаменті хабарлады.

Полиция қызметкерлері Жаркенттегі WhatsApp топтарында таралған бейнежазбаға байланысты жедел тексеру жүргізді. Тексеру барысында әйелдің 3–4 жастағы баласына дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі бала барлық мән-жай анықталғанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Сондай-ақ қамқоршылық және қорғаншылық органына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы ұсыныс жолданатын болады.

Жетісу облысы ПД басшысының орынбасары Руслан Чарапиевтің айтуынша, тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында. Тергеу нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, аталған оқиға әлеуметтік желіде кең таралып, қоғамда резонанс тудырды. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың әкесі болған жайтқа араласпай, оқиғаны телефонға түсіріп отырған.

Ұқсас жаңалықтар

ҚҚС шегі: үкімет жаңа шешімді жариялады

Redaktor Shyn-Ar

Қорғаныс вице-министрі Қазақстанда әскерге бармай, әскери билет алудың заңды жолы туралы айтты

2026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды