«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратТағайындау

Мейрамбек Шермағанбет Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Мейрамбек Шермағанбет Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміне сәйкес, Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мейрамбек Шермағанбет 1972 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Тарих» және «Экономика» мамандықтары бойынша, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы №239 мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2001–2016 жылдар аралығында Жаңақорған ауданы әкімінің аппаратының басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім беру және тілдерді дамыту басқармаларының басшысы, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016–2021 жылдары Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, кейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында еңбек етті.
2022–2023 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы, ал 2023 жылдың шілде айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін Қазалы ауданының әкімі лауазымында да еңбек еткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып Бекзат Жүсіп тағайындалғаны хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік шығындар қысқарады: Қай салалар үнемдеуге түседі?

Көкшетау қаласының тұрғыны вейптерді сатқаны үшін сотталды

shyn_ar_admin

Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер бүгін басталады

Пікір жазу