«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

Мемлекеттік шығындар қысқарады: Қай салалар үнемдеуге түседі?

Мемлекеттік шығындар қайта қаралады: Қай салада үнемдеу болады?
көрнекі сурет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет бюджеттік саясатты қайта қарап жатыр. Мақсат – артық шығындарды қысқарту, бюджетті тиімді пайдалану және қаржы тұрақтылығын сақтау.

Осыған байланысты мемлекеттік шығындарды оңтайландыру үшін арнайы жедел топ құрылды. Оның құрамындағы бір кіші топты Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарады. Бұл топ мемлекеттік шығындарды ұтымды жоспарлау және жұмсау жолдарын әзірлеумен айналысады.

Жұмыс төрт бағыт бойынша жүргізілуде:

  • әлеуметтік және нақты экономика саласындағы шығындарды талдау;

  • салалық ерекшеліктерді ескеру;

  • заңнамалық кедергілерді анықтау;

  • ақылға қонымды, сараланған үнемдеу енгізу.

Қазіргі таңда құрылыс саласы терең талданып жатыр. Жоспарлау, қаржы бөлу және оның тиімділігіне қатысты нақты ұсыныстар әзірленген.

Мамандар бұл бастаманы «шығындарды жай қысқарту емес, нақты жағдайға бейімделген реформа» деп бағалап отыр. Сонымен қатар, Ұлттық қор қаржысын сақтау, ақша-кредит және фискалдық саясатты үйлестіру мәселелері де қаралуда.

Жұмыс топтары он күн сайын жиналып, ұсыныстарды тұрақты түрде талқылап отырады.

Ұқсас жаңалықтар

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Қаржаубай Нұрымов Шерзатты өлтірген адамның біріне кешірім берді

Қадір түнін қалай өткізу керек?

Пікір жазу