«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚаржыҚұқық

Микроқаржы секторы дағдарыста ма? Қазақстанда бес ұйым жабылды

Қазақстанда заңсыз әрекет еткен 5 микроқаржы ұйымы жабылды

Қаржылық мониторинг агенттігі заңнама талаптарын бұза отырып, азаматтарға несие ұсынған заңсыз микроқаржы ұйымдарының қызметін тоқтатты. Бұл шаралар агенттіктің заңсыз несиелеудің жолын кесу бағытындағы жұмыс аясында жүзеге асырылуда.

Агенттік мәліметінше, аталған ұйымдар заңды микроқаржы қызметі түрінде жұмыс істегенімен, іс жүзінде қарыз алушыларға түрлі қосымша төлемдер, жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен сақтандыру жарналарын міндеттеген. Нәтижесінде азаматтар алған қарызын бірнеше есе артық төлеуге мәжбүр болып, күрделі қаржылық жағдайға тап болған.

— 2025 жылдың басынан бері агенттік 5 заңсыз микроқаржы ұйымының қызметін тоқтатты. Бұл ұйымдардан 300 мыңнан аса адам зардап шеккен. Олардың артық төлеген жалпы сомасы 71 миллиард теңгеден асып отыр, — деді агенттік өкілі.

Сондай-ақ агенттік өкілдері азаматтарды қарыз алмас бұрын несие шарттарын мұқият оқып, түсініп алуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы метросы Алатау қаласына дейін ұзартылмақ

Қазақстандықтар үшін жұмыс күндері жедел жәрдем шақыру шектеледі: Жаңа ережелер

Redaktor Shyn-Ar

Қостанай облысында прокурорлар заңсыз кен іздеушіліктің жолын кесті

shyn_ar_admin

Пікір жазу